Маңғыстау ауданында қол күресі, үстел теннисі мен шағын футболдан жарыс өтті
24 Декабря 2020 (12:36) | 2164 | Автор: Редакция
Маңғыстау ауданында 80 кг салмақ дәрежесінде қол күресінен аудандық жарыс өтті. Бұл туралы Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Маржан Дуланова мәлім етті. Айтуынша, жарысқа 30ға жуық жас спортшы қатысқан.
«Қол күресі - Қазақстанда ұлттық спорт дәрежесіне көтерілген спорт түрінің бірі. Алайда, білектілер бәсекесінің де өзіндік қыр-сыры бар. Ал үстел теннисі-қол, көз кординациясын жақсартады. Ақыл, ойды сергітеді. Ойлау, дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады. Осы жарысқа ауданнан 10 адам қатысты»,-деді Маржан Дуланова.
Бұдан бөлек Шетпе ауылдық жастары арасында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды. Бұған 9 команда қатысып, жеңімпаздар марапатталды.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему