Ақтауда «Мейірімді сот» жобасы таныстырылды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Мейірімді сот» жобасы таныстырылды

23 Ноября 2018 (13:28) | 2533 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында бүкіләлемдік балалар күніне орай, «Мейірімді сот» жобасын таныстыруға арналған дөңгелек үстел өтті.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, алқа төрағалары, құқық қорғау, білім беру саласының қызметкерлері, адвокаттар, медиаторлар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстел отырысын сот төрағасы ашып, елімізде отбасы дауы, баланы бөліске салу, балалардың жасайтын қылмысы мен балалар зорлық-зомбылығы көбейгендігін өкінішпен атап өтті. Сондай-ақ, ол кәмелетке толмаған құқықбұзушыға қатысты істер бойынша сотқа дейін және сотта медиация рәсімін жүргізудің маңыздылығын баяндап, құқықбұзушылық пен мектепішілік қақтығыстардың бастапқы алдын алу шаралары ретінде татуласу қызметін дамытуға ықпал ету қажеттігіне тоқталды.

 

 

Одан әрі қылмыстық істер жөніндегі сот алқаның төрағасы Ержан Қарабаев баланың құқықтарын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға қатысты қамқорлық шараларын қабылдау мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізуді жүйеге келтірудің маңыздылығы туралы айтты. Алқа төрағасы қатысушыларды кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер мен материалдарды қарауды жүйелеуге, осы тұрғыда өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға шақырды.

 

Осыдан соң Маңғыстау облысының кәмелтке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Лариса Шамғонова «Мейірімді сот» пилоттық жобасын, оның жұмыс алгоритмін таныстырды. Жоба бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соты жасөспірімге қатысты іс материалдары мен ақпараттарды жинақтап, істің басынан соңына дейін жүргізілуін қадағалайды. Яғни, бұл жерде іс тергеу органынан түскен бойда іске қатысты баламен арнайы мамандар жұмыс жасайды. Олар: әлеуметтік қызметкер-психолог, қорғаншылыққа алу органы, пробация қызметі және денсаулық сақтау басқармасы.

 

 

Іс-шара барысында баланың құқықтарын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда оларға қатысты қамқорлық шараларын қабылдау мақсатында облыстық сот, ІІБ, адвокаттар алқасы, білім, денсаулық басқармалары, пробация қызметі және «Мейірім» ҚБ басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Қатысушылар кәмелетке толмаған құқықбұзушыларды психологиялық сүйемелдеу, кәмелетке толмаған адамның жеке басын және ол жасаған құқық бұзушылықты әлеуметтік диагностикалау, оңалту бағдарламасының негізі ретінде әлеуметтік сүйемелдеу картасын жасау, сотқа дейін және сотта медиация рәсімін жүргізу, «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Мектеп және отбасы» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде бірлескен рейдтер өткізу туралы ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.

 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарладй.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему