Жеңіс күніне Ақтауды безендіруге 2,1 млн. теңге жұмсалмақ
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 14:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жеңіс күніне Ақтауды безендіруге 2,1 млн. теңге жұмсалмақ

4 Марта 2015 (09:43) | 4568 | Автор: Нұрганым Имашева

 

 

Жеңіс күніне орай Ақтау қаласын безендіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,1 млн. теңге қарастырылған. Бұл қаржыға қаланы Жеңіс тақырыбында безендіруден бөлек, маңғыстаулық батырлар мен қазіргі көзі тірі ардагерлеріміздің суреттерін қала көшелеріне, LED экрандар мен таблоларға орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ, «Мәңгілік алау» монументінің жанынан Жеңістің 70 жылдығына арнап арнайы барельеф орнатылмақ.

 

«Бірінші барельефке майдан алаңы бейнеленсе, екінші барельефке тыл бейнеленетін болады. Себебі бүгінгі біз 70 жылдығын тойлағалы отырған Ұлы Жеңіс майдандағы әскери күшке ғана емес0 мықты тылға да байланысты болатын.

Сонымен қатар, маңғыстаулық Кеңес Одағының батырлары Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Біләл Қалиев, «Даңқ» орденінің иегерлері Кемер Оңғалбаев, Павел Малаев, Ленин орденді Исатай Сүйеубаев пен Қартбай Бекжановқа арнайы ескерткіштер орнатылатын болады»,-дейді Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин.

 

      Шаһар басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған бірде-бір Ұлы Отан соғысының ардагері жоқ. Өйткені соңғы екі жылдың өзінде 8 ардагерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлініп, берілген.

 

Сонымен қатар, тұрып жатқан пәтерлері жөндеуді қажет ететін ардагерлеріміздің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған көрінеді. 70 жылдыққа арналып арнайы «Ардагерлерге көмек» деген атауға ие болған жастардың әлеуметтік көмек командасы да жасақталыпты. Жалынды жастардан құралған бұл топтар ардагерлердің үйі-шаруасына көмектесіп, күнделікті тұрмыстағы жұмыстарына қолғабыс жасамақ.

           

«Мысалы, қалалық жастар саясаты орталығының бастамасымен Өмірзақ ауылындағы Конашев Дауылтай атамыздың үйіне жылыту пеші (қазандық) орнатылып, қысқа дайындығына көмек көрсетілді. Осындай жұмыстармен барлық ардагерлер қамтылмақ.

 

Сонымен қатар, жаз маусымында тілек білдіріп отырған кәсіпкерлеріміздің көмегімен ардагерлеріміздің денсаулығын оңалту бойынша нақты шаралар қабылдайтын боламыз. Яғни, ардагерлерімізді республикамыздың емдеу-сауықтыру орталықтарына жібереміз. Ал, қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп тез арада ардагерлеріміздің денсаулығына толық тексеру жасауымыз керек.

 

Соғыс ардагерлері аурухана, емхана жағалап жүрмеуі үшін арнайы мобильді топ жасақтап, қариялардың үйлеріне барып, денсаулықтарын тексеретін боламыз»,-дейді қала әкімі Еділ Терекбайұлы.

     

Сондай-ақ, 1 наурыздан бастап барлық білім беру ұйымдарында, мектептер мен балабақшаларда Жеңіс күніне арналған «Ерлік сабақтарын», «Бейбітшілік сабақтарын» және «Еске түсіру сағаттарын» өткізу қолға алынбақ.

 

Аталған шараларға соғыс ардагерлері, олардың ұрпақтары және осы тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген жазушылар мен ғалымдар шақырылмақ. Сонымен қатар, сәуір айында Жеңістің 70 жылдығына арналған Панкратионнан қалалық ашық біріншілік өткізу жоспарланған. Аталған біріншілікке Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда облыстарының командалары қатысады деп күтілуде.

 

Ал, қазан айында «Жауынгер, сенің ерлігің өшпейді!» атты оқу орындары студенттерінің театрландырылған көрмелерінің байқауы ұйымдастырылмақ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Жулдызай, 8 Апреля 2015 (10:25)
0 0
Ұлы Жеңіс миллиондаған боздақтардың қанымен келгенин жас ұрпақ әр уақытта жадында сақтауы тиіс. Ардагерлерге деген құрмет әр адамнан санасында болғаны жөн
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему