Ақтау қалалық прокуратурасы тұрғындарды алаяқтықтан сақтануға шақырады
19 Февраля 2015 (10:34) | 2450 | Автор: Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі Аманжол Айтуғановтың мәлімдеуінше, «2014 жыл
Қалалық прокуратура мамандары азаматтарды әркез алаяқтық әрекеттермен кез-келген адамды алдап құрығына түсіріп, «жалақысы жоғары қызметке орналастырамын» немесе «жер телімін иеленуге не пәтер алуға көмектесемін» деген желеумен бар жиған-тергенін алдап алып, ізін суытып кете баратын сөзі сұйық алаяқ тұлғалардан сақтану қажет екенін ескертуден жалыққан емес.
Алайда, іс жүзінде аңғалдықпен құр уәдеге сеніп, бар ақшасынан айырылған соң ғана, алданғанын бір-ақ біліп, өкінішке ұрынатын адамдар аз емес екенін айту қажет.
Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі Аманжол Айтуғановтың мәлімдеуінше, «2014 жылы облыс орталығында заңдылықты
қадағалау органымен 520 алаяқтық фактісі анықталған, солардың 285-і қылмыстық іс ретінде сотқа жолданып, алаяқтықпен айналысқан 6 тұлға құқық қорғау органдары тарапынан іздестірілуде».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему