2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалына 1400 өтініш келіп түсті
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 21:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалына 1400 өтініш келіп түсті

3 Октября 2023 (13:33) | 6565 | Автор: Редакция

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары медициналық көмектің мемлекет кепілдік берген тегін көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтәк сақтандыру (МӘМС) бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда.

«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өтеміз. Медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай - ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, іс жүзінде көрсетілген және құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», - деп атап өтті Қор филиалында.

Егер пациент өзі алмаған қызметке тіркелу фактілерін дербес анықтаса, бұл туралы медициналық сақтандыру қорына хабарлау қажет. Шағым немесе өтініш беру үшін сіз 1414 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуыңыз керек.

«Жыл басынан бері облыс азаматтарынан 1400 өтініш келіп түсті. Оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелердегі дұрыс емес ақпарат фактілері бойынша 33 өтініш (яғни жалған деректер). «Құқық бұзушылардың» барлық денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты медициналық қызмет көрсетудің расталмаған 13 жағдайы бойынша айыппұл санкциялары қолданылды», - деді Маңғыстау филиалында.

Дәрігердің алдына барып, медициналық қызмет алмағаныңыз анықталған жағдайда дереу Қордың қызметіне жүгіну керек. Мұны Telegram-дағы @SaqtandyryBot арнасы арқылы жасауға болады. Ол үшін «1406-ға өтініш қалдыру» бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізіп, өтініш мәтінін толтырасыз. Сосын еGOV немесе медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасынан (мысалы, Damumed) жалған хабарламаның скриншотын тіркеп жіберу қажет.

Бұл неліктен маңызды?

 Өйткені медициналық мекеме пациентке көрсетілмеген медициналық көмекті «көрсетілді» деп жазып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем шотын тапсырады.

«Жалған қабылдау» дерегі расталған жағдайда, Қор медициналық ұйымға үш есе айыппұл салады. Ал Қордың шотына қайтарылған қаражат сақтандырылған азаматтарға көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге жұмсалады.

Пилотты өткізу шеңберінде тіркеулер санын қысқарту бойынша пациенттер мен медицина қызметкерлері арасында сауалнама жүргізіледі.

ПАЦИЕНТКЕ АРНАЛҒАН QR САУАЛНАМАСЫ

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeYJda0AQCnsuGnwmyM4CoBgiMpcvYDpmMVBb0gBPXUtSKxbQ/viewform?usp=sharing

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН QR САУАЛНАМАСЫ

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdB857BbCFhhkpZfFzWJdoZCI0_pW6-9ussqr_7Y9-peQU8vw/viewform?usp=sharing

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему