Биыл маңғыстаулық 200 мектеп бітірушіге облыс әкімінің гранты тағайындалады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 09:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл маңғыстаулық 200 мектеп бітірушіге облыс әкімінің гранты тағайындалады

23 Мая 2019 (14:21) | 2934 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

 

 

Маңғыстау облысында биыл мектеп бітіретін 5579 түлектің 4298-і Ұлттық Біріңғай Тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Биылғы ҰБТ облыстағы 4 тестілеу пунктінде 20-маусым мен 5-шілде аралығында өткізіледі. Білім деңгейін анықтаудың биылғы ерекшелігі оқушылар жылына 4 рет тест тапсырады. Мәселен қаңтар, наурыз,тамыз айларында тестілеуден өтіп, шектік балды жинай алған талапкерге сертификат беріліп, ЖОО-ның тек ақылы бөлімдеріне ғана оқуға түсуге мүмкіндік алады. Ал алдағы маусым айындағы сынақтан жоғары балл алғандар мемлекеттік грантқа ие болады.

 

Сондай-ақ жылдағы дәстүрмен биыл да түрлі санаттар бойынша мектеп бітірушілерге жоғарғы оқу орнына түсуге облыс әкімінің гранты беріледі. Өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 175 жас жоғарғы оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Олардың тоқсан пайызы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім және жартылай жетім, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Қазіргі таңда олар еліміздің 13 жоғары оқу орындарында кәсіби білім алуда. Ал биылғы мектеп бітірушілер үшін облыс әкімінің 200 білім гранты тағайындалып отыр және бұл мүмкіндікке әлеуметтік қолдауды талап ететін отбасылардың балалары қол жеткізеді, дейді мамандар.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему