Маңғыстаулық кәсіпкерлер 5 бірдей жүлдені жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 11:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық кәсіпкерлер 5 бірдей жүлдені жеңіп алды

18 Декабря 2019 (11:45) | 1480 | Автор: Редакция

Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКСПО» конгресс-орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаз-лауреаттарын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара ҚР Президенті Қ.Тоқаев және еліміздің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларының қатысты.

 

 

"Алтын сапа" байқауының «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жүлдесін "Caspian Enginiring & Research" ЖШС жеңді.

 

"Қазақстанның үздік тауары" байқауының "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" аталымының жеңімпазы- "Шыны талшықты құбырлар зауыты" ЖШС.

 

"Алтын оймақ" байқауының "Ұлттық нақыштағы аксесуарлардың үздік дизайны" жүлдесі- Жаңаөзендік "ҚАЗАҚ» брендіне бұйырды.

 

 

"Парыз" жүлдесінің "Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" аталымы бойынша жеңімпаз- "KAZ M-1" ЖШС.

 

"Парыз" жүлдесінің "Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" аталымы бойынша "Мұнайгазқұрылыс" ЖШС жеңіп алды.

 

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемдену үшін байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы» Жарлығымен жеке өндірісті дамыту және тауарлар мен қызметтердің сапасын үздіксіз жақсарту мақсатында құрылды.

 

 

Байқау төрт аталым бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»; «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»; «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»; «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

 

Әр аталымда шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері санаттары бойынша үш сыйлықтан беріледі. Жыл сайын еліміздің 200-ден астам кәсіпорны «Алтын сапаның» үміткері болады.

 

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі үш номинация бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халыққа арналған үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

 

 

Байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары төрт жыл бойы байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему