Форт-Шевченко қаласында 260 орындық өнер мектебінің құрылысы басталды
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 02:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Форт-Шевченко қаласында 260 орындық өнер мектебінің құрылысы басталды

16 Июня 2023 (13:17) | 1989 | Автор: Редакция

Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында өнер мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған ғимарат NCOC компаниясының демеушілігі негізінде салынуда. Бұл туралы Түпқараған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұртай Мұхан мәлімдеді.

Нұртай Мұханның айтуынша салынып жатқан өнер мектебінің жалпы ауданы 1,6 га. Пайдалануға берілген соң бірнеше мамандарды жұмыспен қамтуы тиіс ғимарат 400 орындық көрермен залынан тұрады.

Аталған өнер мектебінде көрермен залынан бөлек, өзге де қосымша үйірмелер жұмыс істеп, жас балалар мен тұрғындарды өнер мен мәдениетке баулымақ.

- Форт-Шевченко қаласында өнер мектебінің құрылысын салу көптен бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде NCOC компаниясының демеушілігімен салынып басталып жатыр. Мердігер мекеме қазіргі уақытқа арнайы техникаларын алып келіп, орналастыруда. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Одан бөлек биыл аудан орталығында өнімділігі тәулігіне 5000 кубтық теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы басталады және Сайын Шапағатов ауылдық округіне 160 орындық спорт кешенінің жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамаға берілді, - деді Нұртай Мұхан. ​

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары кезеңінде де бірнеше тұрғын жұмыспен қамтылатын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему