Ақтау қаласының тұрғындарына «AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС түсіндіру ақпаратын ұсынады
21 Марта 2020 (11:10) | 2242 | Автор: Нурганым Имашева
Қала тұрғындарынан РКЦ мекемесінің қызметкерлері үй- үйді аралап, есептегіш құралдарының көрсеткіштерін жазып жүргені туралы көптеген сауалдар келіп түсуде. Назарларыңызға, «AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС директоры Г. Е. Алибаева берген жауапты ұсынамыз:
-Электр энергиясы мен суды есепке алудың жеке аспаптарының көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асыратын РКЦ инспекторлары тұтынушылардың пәтерлеріне келген кезде медициналық маскалар мен арнайы қолғаптармен (перчатки) қамтамасыз етілген және пайдаланады.
Пәтер ішіндегі су өлшегіш аспаптардың көрсеткіштерін алу тұтынушының келісімімен жүргізіледі. Бүгінгі ТЖ байланысты, пәтер иесі бас тартқан жағдайда инспектор тұтынушынының өзі қарап беруін сұрайды.
Сонымен қатар, тұрғындар үйінде болмаған жағдайда (немесе пәтерге кіргізбеген жағдайда) бүгінгі күннен бастап төмендегі мазмұндағы қысқа хабарламалар қалдырылатын болады:
Ақтау қ. тұтынушыларға ақпарат үшін: Ай сайын 23-нен бастап 25-сі күндері мерзімінде көрсеткіштерді келесі жолмен тапсыруға болады: • WhatsApp нөмірлеріне (электр есептегіш +77005552345, су аспабын +77002020196) жеке есепшот нөмірін немесе мекен-жайын көрсетіп аспаптың көрсеткіші мен зауыттық нөмірінің анық суреті арқылы; • Kaspi.kz мобильдік қолданба арқылы.
Арыздар aes.aktau@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады. Ұялы байланыс операторларымен келісімшарт жасалған жағдайда бұл ақпарат жақын күндері Ақтау қаласының тұтынушыларына SMS-жіберу арқылы іске асырылатын болады.
Суреттер автордыкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему