ҚР кәсіподақтар Федерациясының Кубогын Атырау тобы жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 06:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР кәсіподақтар Федерациясының Кубогын Атырау тобы жеңіп алды

3 Декабря 2017 (12:13) | 2175 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті   күніне орай, 29 қарашада облыс орталығында Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығы, «Келешек» кәсіподақ жастар қанатының ұйымдастыруымен ҚР кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін ІІ-ші республикалық дебат турнирі басталып, 30 қарашада пікірсайыс қорытындыланды.

 

 

 2016 жылы алғаш рет Қостанай қаласында өткен турнирдің жеңімпазы атанған маңғыстаулық команда болғандықтан биылғы ІІ-ші республикалық дебат турнирі Ақтауда өтті. Сайыс 2 күнге созылды. Оны өткізуге Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығымен қатар Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университетінің ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов бастаған ЖОО-ның кәсіподақ ұйымы да белсене атсалысты.

 

 

Пікірсайыстың бас төрешісі Нұрбек Өтегенов:

-Бұл турнирде көптеген тақырыптарға пікірсайыс өтті. Атап айтқанда, қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселе болып отырған қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, еңбек дауларының алдын алу, Еңбек Кодексі, Кәсіподақ туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және т.б. тақырыптар талқыланды.

 

Командалардың деңгейі өте жоғары болды. Олардың көпшілігі кәсіподақ мүшелері. Әр түрлі саланың мамандары: мұнайгаз, денсаулық сақтау, білім беру салаларының және ЖОО студенттері де қатысты. Сонымен қатар, Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушылары да дебатқа қатысты.

 

Пікірсайыс өте жоғары, сапалы деңгейде өтті. Жақсы ұсыныстар берілді, мысалы, әлеуметтік тақырыптар талқыланған кезде өте мардымды ұсыныстар айтылды, - деп мәлімдеді.

 

 

Турнир қорытындысында І жүлделі орынды  - Атырау облысының командасы иеленіп, ҚР кәсіподақтар Федерациясының Кубогын жеңіп алды. Жеңімпаз топқа 100 000 теңгенің сертификаты табысталды. Ал ІІ орынға  - Астана мен Шымкент қалаларынан келген 2 команда лайық деп танылды (70 000 теңге). ІІІ орын – Батыс Қазақстан облысынан келген топқа бұйырды. Жеңімпаз топтарға  ҚР кәсіподақтар Федерациясының дипломдары табысталды.

 

Сөйтіп, 2018 жылы ІІІ-ші республикалық дебат турнирін Атырау облысының Кәсіподақ орталығы ұйымдастыратын болады.

 

Суреттер автордыкі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему