Ағылшын тілінде әңгіме жазған Аспарух АҚШ-қа барады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ағылшын тілінде әңгіме жазған Аспарух АҚШ-қа барады

12 Мая 2019 (09:37) | 2345 | Автор: Нурганым Имашева

Мамыр айының тағы бір тамаша жаңалығы АҚШ елінің Қазақстандағы елшілігінен келді.

 

 

Зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Аспарух Сұлтанмұрат АҚШ мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет бағдарламалары бюросының қолдауымен ұйымдастырылған «Жол аралық: әлем және жазушылық тәжірибе» (Between the lines) атты екі апталық бағдарламасының жеңімпаздарының бірі атанды. Айова университетімен (The University of lowa) бірлесе ұйымдастырылған курс биылғы жылдың 13-27 шілде аралығында аталған универсиетте өтпек. Ағылшын тілінің шеберлері мен жазушылық қабілеті бар балалардың басын қосатын оқу курсына 15-18 жастағы 30 жас іріктеп алынған. Курс қатысушыларының барлық шығынын ұйымдастырушылар көтереді.

 

- Бағдарламаға қатысу үшін алдымен байқауда өз қабілетіңді дәлелдей білу керексің. Ол үшін әр түрлі тақырыпта ағылшын тілінде эссе жазу және 6-8 беттен тұратын проза немесе поэзия жазу тапсырмалары берілді. Тарих пәніне қызығушылығым жоғары болғандықтан тарихи оқиға желісіндегі драма жазуды ұйғардым. «The Crimson Glow of Spring» атты шығармамда ресей-француз соғысында әке-шешесінен айырылған баланың тағдырын суреттедім. Ол сурет салуды ұнатады және өзгелердің айтқанына қарамастан сүйікті ісімен айналысуды тоқтатпайды, - дейді Аспарух байқау тапсырмалары жайлы.

 

Аспарух ағылшын тілін үйренгенді ерекше жақсы көреді. Өйткені, көптеген пайдалы деректерді түпнұсқада меңгеру арқылы біршама мүмкіндіктерді ашуға болады деп есептейді. Жеңімпазымыздың тілді меңгерудегі фундаменталды базасын көтеруде мектебіміздегі ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрзада Ермагамбетова мен шет тілі мұғалімі Jacob Labuschagne көп еңбек сіңіргендігін айта кеткен жөн. Зияткер биылғы жылы IELTS емтиханынан 6,5 балл жинаған.

 

- Бағдарлама маған өте пайдалы болатынына сенімдімін. Өйткені АҚШ-қа сапар естен кетпес әсер мен тіл меңгеруге тамаша мүмкіндік сыйлайды деп үміттенемін. Курс барысында алған білімімді шет елдік университеттерге білім грантына үміткер болғанда максималды түрде пайдаланамын. Аталған байқауда техникалық тұрғыдан көмек білдірген мектебіміздегі кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесші Сауле Алдабергеноваға, тіл меңгеруге көмек көрсеткен барша ұстаздарыма алғыс білдіремін, - дейді жас қаламгер.

 

Аспарухтың шығармасын төмендегі сілтемеге өту арқылы оқи аласыздар.

 

https://akt.nis.edu.kz/the-crimson-glow-of-spring/

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему