Стафилококк және мерзімі өткен өнімдер Ақтау дәрігерлері уланған мейрамханадан табылды
20 Апреля 2023 (17:57) | 1269 | Автор: Редакция
Бұл туралы облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, Ақтаудағы қонақүй мейрамханаларының бірінде ұйымдастырылған ауызашарда уланғандардың жағдайы бүгінде бірқалыпты,ауруханада тиісті ем-дом алған. Орын алған оқыс жайттан соң 21 мейрамхана қызметкері тексерістен өтіп, талдау нәтижесінде 7 адамның ағзасынан стафилокок табылған. Сонымен қатар, тексеріс барысында 20 қызметкердің медициналық кітапшасы жалған болғандықтан, ал 4-еуінің медициналық кітапшалары берілмегендіктен, 24 қызметкер жұмыстан шеттетілген.
-Тексеріс барысында мейрамхана тағамдарының арасынан жарамдылық мерзімі өткен 220 келі көлемінде өнімнің 73 түрі анықталып, комиссиямен жойылды. Жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталған өрескел санитарлық талаптардың бұзушылығына жол бергені және адам денсаулығына зиян келтіруіне әкеп соққан әрекеті үшін мейрамхана басышылығына қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 2-бөліміне сәйкес, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерін анықтау мақсатында Ақтау қаласының полиция басқармасына хат жолданды, - деді Асылбек Шаров.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему