Маңғыстаулық спортшылар Азия чемпионы атанды
27 Июня 2022 (20:16) | 1974 | Автор: Редакция
Маңғыстаулық екі спортшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.
19-26 маусым аралығында Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтті. Жарыста Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Монғолия, Түрікменстан, Корея, Тәжікстан, Иордания, Бангладеш мемлекетінің спортшылары бақ сынады.
Чемпионат 17 жас пен (U17) 23 жас аралығындағы (U23) спортшылар арасында ұйымдастырылған. Азия чемпионатында ұлттық құрама қоржынына Маңғыстау облысының спортшылары екі алтын, бір қола жүлде салды.
Азия Чемпионы атағын еркін күрес бойынша (U17) 92 келі салмақта Камиль Курулиев пен грек рим күресінен (U23) 130 келіде Әлібек Сарсенғалиев алды. Сондай-ақ, Азия чемпионатының қола жүлдесін 82 келіде грек рим күресінен Рахат Сағымбай еншіледі.
Камильдің жаттықтырушылары Магомед Куруглиев пен Роман Ахмедханов. Ал Әлібек Сарсенғалиев пен Рахат Сағымбайдың бапкерлері Александр Цыганов пен Айсұлтан Байзақов.
-Жарыс деңгейі жоғары дәрежеде болды. Менің қарсыластарым Қырғызстан мен Үндістаннан мемлекетінің балуандары. Бірінші кездесуде қырғыздық балуанды 4-0 есебімен жеңіп, екінші кездесуде де үндістандық балуанды 4-0 есебімен таза жеңіске жеттім, - деді Азия чемпионы Әлібек Сарсенғалиев.
Әлібек Сарсенғалиев қазіргі таңда
Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, ал Камиль Куруглиев Маңғыстау облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің және облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығының спортшысы. Рахат Сағымбай да Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығының спортшысы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему