ҚР Премьер-министрі Б. Сапарбаев Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келді
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 05:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР Премьер-министрі Б. Сапарбаев Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келді

20 Декабря 2019 (16:45) | 2177 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңаөзеннен кейін Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары Ақтау қаласында жалғасты. Оның барысында Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына келіп, «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.  Бердібек Мәшбекұлына кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидаты бойынша қажетті барлық қызмет түрлерін көрсететін орталық туралы толыққанды мәлімет берілді. Іскер әртүрлі мемлекеттік органға сабылмай, мәселен, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, туризм және инвестицияны дамыту мен азаматтарға арналған Үкіметтен тез әрі сапалы түрде мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкіндігін атап өтті.

 

 

Ақтаулық кәсіпкер Махамбет Қажығалиев Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан үнемі қолдау көріп келеді. Жеке кәсібін ашуға мұрындық болған кәсіпкерлер палатасына бұл жолы сатып алулар мен заңгерлер қызметіне жүгінуге келген.

 

-Автобөлектер саудасымен айналысамын. «бір терезе» арқылы қажетті қызметімді алып отырмын. Болашақта  жаңа жобамды іске асырғым келеді. 15 млн тг тұратын бизнес жобам сәтті жүзеге асады деп ойлаймын,- деп мәлімдеді кәсіпкер.

 

 

Сондай-ақ, "Кәсіпкерлерге арналған Үкімет" жобасы аясында жұмыс істеп тұрған: қаржыландыру; өткізу; цифрлы қызмет көрсету; құқықтық сүйемелдеу және оқыту деп аталатын 5 аймақ туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев нақты ақпарат берді.

 

-Бұл орталықтан биыл 5641 адам қажетті қызмет алды. Кәсіпкерлер тиісті ақпараттармен толық қамтамасыз етіліп отыр. Маңғыстауда кәсіпті микронесиелендіруге 1,2 млрд тг ауылшаруашылығы саласына берілді.Соның 300 млн тг «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 27 жоба жүзеге асты,- дейді Нұрбек Қарасайұлы.

 

 

Сонан соң Үкімет басшысының орынбасары "Бастау" жобасы бойынша дәріс оқып жатқан тыңдаушылармен кездесті. Бұл жоба бойынша өткен жылы 1056 адам оқып, жеке кәсіптерін ашса, биыл 2650 адам кәсіпкерлікке үйренді. «Бастау» түлектері 3,4 млрд теңгені құрайтын бизнес жобаларды жүзеге асырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп екенін көрсетеді.

 

 

Премьер-министр орынбасары Б. Сапарбаев «Бастау» шәкірттерімен тілдесіп, сәттілік тіледі. Сонан соң «Жас тұлпар-2019» облыстық жастар жүлдесінің марапаттау шарасына қатысты. Одан әрі ұстаздар қауымы және дәрігерлермен кездесті.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему