Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы басталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы басталды

29 Октября 2021 (13:38) | 1231 | Автор: Редакция

Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы басталды. Орталықта жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне сауда орындары ұсынылады, бұл өз кезегінде делдалсыз өнім сату арқылы тұтынушылар үшін бағаны тұрақтандыруға оң әсер етеді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

​22 қыркүйекте Маңғыстау облысына келген сапарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиында инфляция деңгейінің жоғары екенін, мұның азық-түлік тауарлары бағасының тез өсуіне әсер етіп жатқанын атап өткен еді.

-Азық-түліктің 80 пайызға жуығы импортталады. Осы ретте, 50 мың тонна көкөніс сыятын қоймалардың тапшылығы байқалады. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Аталған мәселені маңыздылығына қарай шешу қажет. Ол үшін тиісті механизмдер бар. Осыған қатысты Үкімет Көкөніс қоймаларының құрылысы жөніндегі жол картасын әзірледі. Азық-түлік бағасының қымбаттауын тоқтату үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне толық қол жетімді әрі ретке келтірілген сауда алаңдарын ашу керек. Әкімдікке Ақтау қаласында коммуналды және көтерме базарларды салуды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

​ Бүгін Ақтау қаласы әкімінің қатысуымен 36 шағын ауданда жаңа көтерме-тарату орталығының іргетасы қаланды. Құны 1,5 млрд. теңге болатын жобаны жеке инвесторлар жүзеге асырады. Көтерме сауда орталығы бөлшек сауда базарлары, дүкендер, мейрамханалар және басқа да бизнес субъектілері үшін азық-түлік тауарларының көтерме саудасын ұйымдастырады. Осылайша, делдалды алып тастап, жергілікті өндірушілердің өнімін кепілді өткізудің  арқасында азық-түлік тауарларының бағасы төмендейді деп күтілуде.

-Облыс әкімі Президент тапсырмасына сәйкес бірқатар нақты міндеттер жүктеді.   Жобаның басты мақсаты – бәсекелестікті арттыру арқылы азық-түлік бағаларының негізсіз өсуін болдырмау. Жобаның бастамашысы жергілікті «ОРЦ Актау» ЖШС-і. Мұндағы сауда және қойма көлемі 20 000 шаршы метр болады. Құрғақ қойма, тоңазытқыш және мұздатқыш қоймаларға жылына 73 мың тонна өнім сақталатын болады. Инвестор жоба аясында 200 жаңа жұмыс орнын құрып, жергілікті бюджетке жылына 50 млн. теңгеден астам қаражат салық төлейді деп күтілуде»,-деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

​Көтерме-тарату орталығы 2023 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему