Ақтау қалалық сотында медиация кабинеті ашылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 18:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық сотында медиация кабинеті ашылды

18 Сентября 2017 (12:20) | 2396 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қалалық сотында медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Аталған іс шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев және судьялар, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

Ержан Қарабаев өңір бойынша қылмыстық істер жөніндегі медитордың көмегіне жүгініп, бітімге келіп жатқан азаматтардың саны артып отырғанын айтты.

 

-Бітімгершілік рәсімдердің басты мақсаты – тараптарды бір бітімге шақыру. Медиатор ешкімге төрелік айтпайды және шешім шығармайды, ол тек тараптардың екеуіне де тиімді бір шешімге келуіне көмектеседі. 

 

Осы уақытқа дейін медиаторлар қаладағы әр ғимаратты жалға алып, жұмыс істеп келген болса, енді сот ғимаратынан арнайы тегін кабинет беріліп отыр.

 

 

Медиация кабинетінің сот ғимаратының ішінен ашылуы қуантады. Бұл жерде кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың жұмыс жасауына барлық жағдай қарастырылған, - деді Ержан Қарабаев.

 

Қалалық сотта ашылған медиация кабинеті қажетті жиһаздармен, кеңселік және әдістемелік құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Онда медиацияны қолдану салалары, татуластыру рәсімдерін жүргізу қағидаттары, әкімдік бекіткен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тізімі туралы ақпарат жазылған арнайы стендтер де ілінген.

 

Жиын барысында медиаторлар сот жүйесінің басшыларына ынтымақтастық және қолдау танытқандары үшін алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.

 

 

Рәсім соңында Ержан Қарабаев қылмыстық сот өндірісінде медиацияның дамуына белсенді үлесін қосқан медиаторларға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Ендігі жерде сотқа келген тараптар медиатор іздеп алысқа бармайтын болды.

 

- Сотқа азаматтар түрлі жағдайда келеді. Біреу ашу үстінде, біреу асығыстықпен, енді біреу қажеттілікпен жүгінеді. Осындай кезде сот ғимаратында бір бітімгер отырса, ол келушілерге ой салары анық, - дейді облысқа танымал кәсіби медиатор Әдемі Кемаладинова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему