Маңғыстауда 700-ден астам азамат әскерге шақырылады
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 01:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 700-ден астам азамат әскерге шақырылады

2 Марта 2023 (13:13) | 2039 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында көктемгі әскерге шақырту науқаны 1 наурызда басталды. Биыл 750 азамат әскерге аттанбақ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Нығмет Ахмет хабарлады.

Спикердің айтуынша, әскерге шақырылушы азаматтарға 2022 жылдан бастап 1414 сервис-қызметтері арқылы SMS-хабарламалар жіберілген. Шақырту 18 бен 27 жас аралығындағы жеті жүз елуден астам жасөспірімге жіберілді.
Жалпы әскерге шақырылушының білім деңгейі, мамандығы және моральдық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар әртүрлі әскери бөлімге жіберіледі.

- Десантшыларға қойылатын бірнеше талаптар бар. Сарбаздың бойы 170 см-ден асуы қажет және спортқа жақын болғаны жақсы. Сонымен қатар, армияға айтишниктер, жүргізушілер, байланысшылар, музыканттар және жоғары білімі бар балалар келеді. Оларды қажеттілігіне орай, жан-жаққа бөледі, - дейді Нығмет Ахмет.

Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының айтуынша, қазіргі таңда әскерге азаматтың еркінен тыс жіберілмейді. Бірақ, себепсіз мерзімді әскери қызметке шақыртудан жалтарғаны үшін заңнамамен қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

- Атап айтқанда, әскерге шақырылушы азаматқа себепсіз келмегені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.
Медициналық куәландырудан немесе тексеруден өтуден жалтарғаны үшін әкімшілік ескерту немесе 3 АЕК яғни, 10 350 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді, - дейді Нығмет Ахметұлы.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша әскери қызметтің беделі жыл сайын артып келеді. Бұл, мерзімді әскери қызметке шақыру және жоғары әскери оқу орындарында оқуға кандидаттарды іріктеу кезінде байқалады. Әскери қызметшілер тегін медициналық қызметтерді пайдалана алады және санаторияларда емделіп, мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілуге, төмен пайыздық мөлшерлемелермен ипотекаға қол жеткізуге құқығы бар. Бұл саланың қызметкерлеріне тұрғын үйді жалдау үшін ай сайын өтемақы төлемдері беріліп, ерте зейнетке шығуға мүмкіндік беріледі.

Брифинг соңында спикер елге қызмет ету әр азаматтың борышы екенін айтып өтті.

- Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдындағы, ата-бабасынан қалған аманатты орындауы тиіс, - деді Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему