Маңғыстау облысы: КТИ-ға оқуға түсу бойынша жас түлектерге түсіндіру шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 17:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы: КТИ-ға оқуға түсу бойынша жас түлектерге түсіндіру шарасы өтті

19 Февраля 2019 (13:06) | 2084 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің Ақтау қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу үшін талапкерлермен іріктеу жұмыстарын сапалы жүргізуде.

 

 

Осының негізінде Ақтау қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу үшін талапкерлермен түсіндірме жұмыстарды жан-жақты жүргізуде. Қала бойынша №12 орта мектебінің және №13 гимназияның 11 сынып оқушыларына бейнеүзіктер көрсетіліп, күндізгі оқу формасы негізінде институтқа түсу тәртібі туралы айтылды.

 

Мектеп бітіруші сынып оқушыларына бейнеүзіктер көрсету аяқталысымен төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері күндізгі оқу формасы негізінде институтқа түсу тәртібі туралы, оқу жағдайлары және казармалық жағдайда тұру тәртібі туралы дәріс оқыды.

 

Сондай-ақ түлектерге жоғарғы оқу орнында оқудың келешегі түсіндірілді: Курсанттардың оқуы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Институттың толық күндізгі курс оқуын бітірген тұлғалардың оқу мерзімі шұғыл әскери қызмет өтуге теңестіріледі.

 

Оқу аяқталған соң түлектерге «лейтенант» офицерлік атағы беріліп, ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар комитеті құрылымдарына қызмет атқаруына келісімшарт жасалады.

 

Маңғыстау облысы Төтенше Жағдайлар

департаментінің Ақтау қаласының ТЖ

басқармасының аға инженері

Р.А.Наурызов

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему