Мұнайлы ауданының тұрғыны қайтарымсыз грант ұтып, жеке кәсібін бастады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 15:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданының тұрғыны қайтарымсыз грант ұтып, жеке кәсібін бастады

20 Июля 2022 (16:59) | 1702 | Автор: Редакция

Мұнайлы ауданының тұрғыны Бағдат Ізімов аудандық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған конкурсқа қатысып, үкіметтен қайтарымсыз 1 220 000 теңге грант ұтып алды. Бүгінде дәнекерлеуші маман мемлекеттік гранттан түскен қаражатқа құрал-жабдықтар алып, кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдат Ізімовтың жеке кәсіпке бет бұрғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздыққа тіркелмекші болып барғанда сол жердегі мамандардан кәсіпкерлікке баулитын «Бастау бизнес» жобасы жайлы естиді. Мамандардың нұсқауымен кәсіпкерлік курсында оқып, дәнекерлеу жұмысына қатысты бизнес жобасын сәтті қорғап шығады.

Бағдаттың негізгі мамандығы технолог. Алайда дәнекерлеу, әрлеу ісіне қызығушылығы жоғары. Соңғы үлгідегі технологиялармен жұмыс жасау, түрлі-түсті металдарды дәнекерлеуді меңгерген. Тіпті шетелдік компанияларда қызмет жасаған. Осылайша, біраз уақыт тәжірибе жинақтап, арнайы курстарды тәмамдаған соң жеке кәсібін ашты. Бағдаттың дәнекерлеу жұмыстарымен қамтамасыз ететін, барлық құрал-саймандармен қамтылған өз шеберханасы бар. Еңбеккор жан көлік құрастыру, қайта өңдеуді, былайша айтқанда сынған заттың кез келгенін дәнекерлеу жұмыстарына қосымша тапсырыстар қабылдайды. Тіпті, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

-Қазіргі таңда бизнес жоспарым бойынша жұмыс жасалып жатыр. Үкіметтен алынған қаражатқа аппараттарымды сатып алдым. Бес адамды жұмыспен қамтып отырмын. Диплом бар, жұмыс жоқ деп айтатындар жұмыс істегісі келмейтін адамдардың сылтауы дер едім. Іздеген адамға жұмыс табылады. Тіпті біз бес адам, өзіммен қосқанда алтаумыз, жұмыстың көптігінен артық тапсырыстарға үлгермей жатамыз, - дейді кәсіпкер Бағдат Ізімов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему