Жомарт Қобланов- Халықаралық дәрежедегі төреші атанды
21 Июня 2019 (09:12) | 2108 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық "Жас батыр" спорт мектебінің дзюдодан бапкері Қобланов Жомарт Дүйсенбіұлы Тайланд мемлекетінің Чианг-Май қаласында 12-16.06.2019 жыл аралығында (IJF) xалықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен өткен төрешілердің сынақ емтиxанына ҚР атынан қатысып, сынақтан сүрінбей, сұраққа 100% жауап беріп, Халықаралық дәрежедегі төреші атағына қол жеткізді.
-24-тен 25 жасына қарағанда Жомарт - осындай дзюдодан төрешілік дәрежеге жеткен Қазақстанның тұңғыш төрешісі. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш! Өркенің өссін Жомартжан! Елің үшін ерінбей еңбек ете бер. Алланың берері таусылмасын! Артыңнан өсіп келе жатырған барша жасөспірім дзюдошыларга жұғысты болсын! – дейді Маңғыстау облыстық "Жас батыр" мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.
Осы уақытқа дейін Жомарт Қобланов жас болса да бас бола жүріп, республикалық жарыстарды айтпағанда Халықаралық дәрежеде өтіп жатқан түрлі байрақты бәсекелерге өз шәкірттерін-жас спортшыларды дайындап, олар аталмыш додаларда сан мәрте жеңімпаз атанып, еліміздің көк туын биіктен желбіретіп, Қазақстанның айбынын асқақтатқан болатын.
Атап айтар болсақ, Зұлxарнаев Мұxамбет - Азия Чемпионатының жеңімпазы, Қуанышұлы Нұрбек - Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы, Қобланов Төреекен - Халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Еламанова Айгерім - Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы, Мұxанова Жанбота - Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегері, Раxметова Айкүн - Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері және Нұрсұлтан Жұбатқан - Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы.
Шәкірт тәрбиелеуде осындай жетістіктерге жеткен бапкер Жомарт Дүйсенбіұлының Халықаралық дәрежедегі төреші атануы кездейсоқ нәрсе емес. Ол – аянбай төккен тердің жемісі, тынымсыз еңбектің-үздіксіз жаттығулардың нәтижесі, еліміздің абыройын асқақтатып, мерейін өсірген жеңістер.
Қашан көрсең де сабырлы қалпынан таймайтын, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет таныта білетін жылы жүзді осы азаматты жас болғанына қарамастан өзі де шәкірт тәрбиелеп, чемпиондарды дайындап жүргенін естігенде оған деген құрметіңнің арта түсетіні сөзсіз.
Жомарт Дүйсенбіұлына Халықаралық дәрежедегі төреші деген жоғары атағыңыз құтты болсын дейміз! Шәкірттеріңіз әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра берсін, Олимпиада чемпионы болып, еңбегіңізді ақтасын. Бапкер-ұстаз ретінде әрқашан мерейіңіз үстем болып, елдің алғысына бөленіп, еңбегіңіз жансын деген ізгі тілегімізді арнаймыз.
Суреттерді түсірген "Жас батыр" спорт мектебінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему