Маңғыстауда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жаңа орталығы іске қосылады
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 21:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жаңа орталығы іске қосылады

27 Февраля 2023 (19:04) | 1688 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жаңа форматтағы орталығы пайдалануға берілмек. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалы сапаны бақылау басқармасының басшысы Ақмарал Абдуллаева хабарлады.

-Біздің орталықта біршама өзгерістер мен жаңашылдықтар болады деп жоспарлап отырмыз. Солардың бірі, қызмет алғанға дейін демалыс орындары, балалармен келген ата-аналарға теледидармен жабдықталған балалар бұрышы және ана мен баланың бұрышын дайындау. Бұл азаматтардың жағдайын жақсарту үшін жасалып отыр, - дейді Ақмарал Абдуллаева. 

Сондай-ақ, брифингте спикер ХҚК орталығының ашық қосымшасы туралы да айтты. Енді кез-келген тұрғын үйінен шықпай-ақ, қосымша арқылы халыққа қызмет көрсету мамандарына қоңырау шалып, өзіне қажет қызмет түрін ала алады.

-Бұл қосымша барлық адамдардың ресурстарын үнемдемек. Кейбір азаматтар уақыт тығыздығынан немесе мүгедектігіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталығына келе алмауы мүмкін. Сондай-ақ, зейнет жасындағы қариялар да енді үйінен шықпай-ақ, онлайн қызметтер ала алады, - дейді Ақмарал Абдуллаева.

Сонымен қатар, маңғыстаулықтар жылжымайтын мүлікті онлайн кепілден шығара алады. Яғни, азаматтарға құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ. Ол үшін тұрғындар «Halyk homebank» мобильді қосымшасында өтінімді рәсімдеп, төлем жасауы қажет. Жаңа сервис халыққа қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дайын болған құжатты «Яндекс» жеткізу қызметімен неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы тәсілмен алуға мүмкіндік жасалған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему