Жолшылар соғыс ардагеріне сый-құрмет көрсетті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жолшылар соғыс ардагеріне сый-құрмет көрсетті

12 Мая 2021 (16:02) | 1512 | Автор: Редакция

Биыл ұлы Жеңіс күні мерекесіне 76 жыл толды. Қастерлі мейрам кезінде маңғыстаулық жолшылардың бейбіт өмір үшін от кешіп, өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйлаған қарияларға арнайы құттықтап бару игі үрдіске айналды.

Бұл жолы жергілікті ұлттық жол сапа орталығының мамандары Ұлы Отан соғысының ардагері Асан Аймағанбетовке сый-құрмет көрсетті. Ұжым атынан азық-түлік және дәрі-дәрмек салынған үлкен себетті тарту етті.

«Аталарымыз бен аналарымыз қолына қару ұстап, неміс басқыншыларының көзін жоюға майданға аттанды. Тыл еңбеккерлері сыз окопта жатқан солдаттарға оқ-дәрі, азық-түлік және киім-кешек жөнелтуге бір кісідей үлес қосты. Біз бұл кісілердің алдында мәңгі-бақи қарыздармыз. Тек Жеңіс күні ғана емес, барлық уақытта сый-құрмет көрсетуге лайықты тұлғалар жанымызда жүр. Өкінішке қарай, жыл асқан сайын қатары сиреп барады. Сондықтан көз тірісінде ардақтап, ұлғаттап өту әр қазақстандықтың борышы деп түсінеміз» - деді Ақтаудағы филиал зертханасының жетекшісі Сәкен Мұхтаров.

Пәтеріне арнайы келген қонақтарын қария қуанышпен қарсы алып, алғысын жаудырды. Батасын беріп, қызметте сәттілік тіледі.

Асан атай 1925 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Кеңес әскерінің қатарына 1943 жылы шақырылады. Маршал Рокоссовскийдің басшылығымен ІІ және IV Украина майданында шайқасқа қатысады. 1948 жылы Германия астанасы - Берлинді алған соң есен-сау елге оралды.

Майдангер II дәрежелі "Отан соғысы", III дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, "Берлинді алғаны үшін" медалі және естелік төсбелгілермен марапатталған.

 

«ЖАҰСО» баспасөз қызметі.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему