Жауаптылар құтырма ауруының алдын алу жолдарын түсіндірді
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 10:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жауаптылар құтырма ауруының алдын алу жолдарын түсіндірді

13 Февраля 2023 (13:32) | 1234 | Автор: Редакция

Маңғыстауда 2022 жылы 1500-ден астам адам жануарлардың тістеуінен және тырнауынан зардап шеккен. Олардың барлығына антирабиялық екпе тағайындалып салынды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев хабарлады.

Спикердің айтуынша, індет қоздырғышы сау адамға және малға құтырған иттен, қасқырдан, түлкіден, қарсақтан, мысықтан тістеген уақытта сілекей арқылы жұғады. Аталған ауруға шалдыққанда тістеген жер ауырып, ысиды. Алқынып демалып, түрі жаңа жылаған адам сияқты болады. Аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді. Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып алас ұрады, судан қорқады, талмасы ұстап, денесі құрысып сал болып қалады.

- Аурудың тез өршуі жарақаттың тереңдігі мен ондағы вирустың мөлшеріне тығыз байланысты. Сондықтан, жануарлардан зардап шеккен жағдайда жарақат орнын сабынды таза сумен жуу керек. Содан кейін жарақат айналасын спиртті ерітіндісімен залалсыздандырып, медициналық мекемеге жүгініп, антирабиялық екпе алу қажет. Құтырма ауруының алдын алу және өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі құтыруға қарсы екпе алу болып саналады, - деді Бердібек Саралтаев.

Сондай-ақ, брифингте Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Дүйсебек төрт-түлік малды құтырмадан сақтау жолдарын айтып берді. Ауруға шалдыққан мал үйірден қалып, жұтына алмай, күйісін тоқтатып, шатқаяқтап, жүрісі бұзылатынын атап өтті.

- Құтырумен ауырған малды емдеуге немесе аурудың артын күтіп отыруға болмайды. Олай ету адамға да, малға да қауіпті. Сондықтан, ауылдық округ ветеринариялық қызметінің араласуымен ауырған малды бөлектеп, өлген малдың миын зертханалық сараптауға жолдап, өлексесін өртеп-жою жұмыстарын жүргізу керек. Дегенмен, қазіргі уақытта облыс аумағы құтырудан таза. Аталған ауруға қарсы жыл сайын профилактикалық іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіледі, - деді Нұрсұлтан Дүйсебек.

Бөлім басшысы 2022 жылдың күз айларында облыс бойынша барлығы 59 310 бас жануарға құтырмаға қарсы вакцина салынғанын айтты. Оның ішінде мүйізді ірі қара – 5 450 бас, ұсақ мал – 19 400 бас, жылқы – 8 250 бас, түйе - 22 980 бас, иттер – 2 900 бас және 330 мысыққа отандық препарат «Биотрон Групп» ЖШС вакцинасы қолданылған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему