Жол саласында маман тапшы
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 02:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жол саласында маман тапшы

30 Марта 2020 (18:59) | 1389 | Автор: Нурганым Имашева

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Биыл елімізде автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстарына қазынадан 750 млрд теңге қаржы қаралған. Бұл ретте кәсіби білікті мамандарға сұраныс та жоғары деген сөз. Расын айту керек, қазақ мемлекетінде жол саласында маман тапшы.

 

 

Әсіресе жол шеберлері, инженер-сметашылар, зертхана шылар, жол құрылысы инженерлері, автогрейдер жүргізушілері, механизаторлар тағы басқа да мамандықтар бойынша адам жетіспейді.

 

Статистикалық деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта орта есеппен үш мыңға жуық маман қажет екен. Отандық отызға тарта университет пен 50-ге тарта арнаулы орта оқу орны жол саласы бойынша мамандарды даярлайды».

 

 

-Олардың қатарында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг универсиететі де бар. Яғни, жергілікті жастар алысқа бармай-ақ өзі қалаған мамандық түрін оқи алады. Бұл салаға жыл сайын бөлінетін грант саны да қомақты. Мәселен, 2019-2020 оқу жылына 9750 грант бөлініп отыр. Биылғы оқудың аяқталына аз уақыт қалды. Түлектердің дұрыс таңдау жасап, біздің қатарымызды толықтыратыны сенеміз, - дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалының директоры Елтай Таялиев.

 

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры З.Сағыновтың бастамасымен биыл елімізде «1000 мектеп» науқаны басталды.

 

 

Мұндағы мақсат - мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізіп, оларды жол мамандығына тарту.

 

Осы ретте барлық аймақтарда орта білім беру мекемелеріне жол инженерлері, зертханашылар мен картограф-диезист мамандары барып, бүгінгі оқушы - ертең жас мамандармен жүздесті. Қазіргі уақытта мемлекетімізде енгізілген төтенше жағдайға дейін бұл жұмыстар қызу жүргізілді. Жағдай тұрақталған соң, жаңа қарқынмен жалғасады деп күтілуде.

 

 

-Маңғыстау облысында 154 мектеп болатын болса, бір айдың ішінде біздің ұжым қызметкерлері 26 орта білім беру ордасына арнайы барып, 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Бұл жерде Ақтау қаласынан бөлек, орталыққа жақын тұрған Мұнайлы және Түпқараған аудандары да қамтылды. Танымдық кездесулерде облыс көлемінде салынып жатқан көлік жолдарының сапасын бақылау шаралары айтылып, жол құрылысы мамандықтары турасында жан-жақты түсінік берілді - дейді Е.Таялиев.

 

Болашақ мамандық иегерлері алдымен Маңғыстау аумағында құрылысы жүріп жатқан автокөлік жолдары, олардың сапасын бақылау жұмыстары туралы республикалық телеарналарға шыққан бейнесюжетті тамашалаған.

 

 

Мұнан соң оқушылар үшін арнайы дайындалған баяндамалар оқылып, оқушы білгісі келген сұрақтарға жауап берді. Түрлі сайысқа қатысып, жеңімпазатанған жас буын өкілдері білікті мамандармен бірлесе ғылыми жобаларды жүзеге асыруға әзір екендіктерін жеткізген.

 

-Жоғарыда аталған науқанға және тоқтала кетсек. Оның аясында биылғы жылдан бастап мектеп бітірушілер арасынан ең кемі 2-3 бала жол саласы мамандығын таңдайтын болса, таяу он жылдықта осы бағыттағы маман тапшылығы мәселесі түбегейлі жойылатыны сөзсіз,-делінген «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему