«Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» анықталды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 13:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» анықталды

19 Ноября 2018 (13:58) | 5946 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда өрт сөндіру-құтқару қызметінің Маңғыстау гарнизонының бөлімшелері арасында «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» («ГТҚҚ үздік буыны») атты байқаудың қорытынды кезеңі болып өтті.

 

 

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін, өрттің сөндірілуіне және жеке қорғану құралдарын пайдаланып, тыныс алуға жарамсыз ортада құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған кәсіби өрт сөндірушілер арасындағы байқауға биыл 12 команда қатысты. Байқау-конкурсты өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі бастығының орынбасары, Азаматтық қорғаныс подполковнигі Әмірбеков Хаям Анверович ашып, командаларға әділ және тартысты күрес тіледі.

 

 

Адам күші шекарасында өрт сөндірушілер «ГТҚҚ үздік буыны» атағы үшін шайқасты. Алғашқы кезеңде өрт бөлімшелеріндегі күзетшілер арасындағы үздігі анықталды. Қатысушыларға сығылған ауа қондырғысының дұрыстығы мен уақытты бақылауын тексеруге тура келді, содан кейін өрт сөндірушілер ғимараттың 4 қабатындағы зардап шегушіні анықтап, құтқару арқанын пайдалана отырып, оқу мұнарасының 4-ші қабатындағы терезесінен түсірді. Бұл кезеңде зардап шеккен адамға құтқару циклін дұрыс бекітіп, оны жерге түсіру үшін бүкіл команданың жұмысы өте маңызды. Шынайы өмірде ГТҚҚ буыны адам өмірін сақтап қалу үшін өте сақ болуы тиіс, сондықтан төрешілер өрт сөндірушілердің соңғы іс-әрекеттерін мұқият қадағалап отырды. Келісілген манекен-зардап шегушіні құтқарғаннан кейін, газ және түтін қорғаушылардың буындары жылутүтін камерасына жетуі қажет. Оларға психологиялық әсерге ие дыбыстармен қатар жүретін, қараңғы және түтінмен толтырылған бөлмеде лабиринтті тосқауылдардан өтуге тура келді.

 

 

Түтін толтырылған бөлмеден ентігіп шыққаннан ГТҚҚ буыны магистральді және жұмыс желісін төсеп, автоцистернадан өрт ошағына дейін су беру қажет. Су таспалардан шыққаннан кейін уақыт тоқтап, жаттығу орындалды деп есептелінді.

 

Ауыр сынақта Ақтау қаласындағы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командасы Маңғыстау облысының газ-түтіннен қорғау қызметінде екінші жыл қатарынан үздік атанды.

 

 

«Үздік газ-түтіннен қорғаушы» атағын Ақтау қаласындағы № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғаныс сержанты Сарыбаев Мэлс иеленді.

 

Ал Бейнеу ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғаныс сержанты Бегжанов Ерғали «Ең үздік бекетші» атағына ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

Бұл туралы бізге Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему