Маңғыстаулық спортшы Венгрияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
13 Февраля 2023 (13:20) | 1042 |
Автор: Редакция
Маңғыстаулық спортшы Саматәлі Төлтаев Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстаулық спортшы Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы 67-ші халықаралық турнирінің финалында аустралия боксшысы Фред Зиуаны жеңді. Ал жартылай финалда германдық спортшыны ұтқан болатын.
Төрешілердің бірауыздан шешімімен маңғыстаулық боксшы турнир чемпионы атанды.
Осылайша, Дебреценде бокстан Иштван Бочкай атындағы 67-ші халықаралық турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы 6 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасынан барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша былғары қолғап шеберлері бақ сынады.
1 орын - 48 келі Теміртас Жүсіпов, 3 орын - 51 келі Дамир Әбдіқадыр, 3 орын - 54 келі Дәулет Молдашев, 1 орын - 57 келі Серік Теміржанов, 1 орын - 60 келі Саматәлі Төлтаев, 1 орын - 67 келі Дулат Бекбауов, 3 орын - 71 келі Ермахан Жақпеков, 1 орын - 75 келі Аятулла Такижанов, 1 орын - 92 келіде Айбек Оралбай алды.
6 ақпан басталған турнир 12 ақпан күні мәресіне жетті.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему