Кеше қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен қалалық сот орындаушылар бөлімінің ғимаратында Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев, облыстық Әділет Департаментінің басшысы Атағазиева Бактыгүл Сапарқызы және «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілі
Курс валют в Актау
на 15/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
15 Мая, 12:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау прокуроры алименттер мәселесімен азаматтарды қабылдады

12 Февраля 2015 (12:03) | 2074 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Кеше қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен қалалық сот орындаушылар бөлімінің ғимаратында Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев, облыстық Әділет Департаментінің басшысы Атағазиева Бактыгүл Сапарқызы және «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілімен бірлесіп, алимент өндіру барысында туындайтын мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.

 

Болатын жөнінде алдын-ала БАҚ арқылы хабарландырулар берілген қабылдау барысында 15 азамат қабылданып, олардың арасынан 6 азамат қала прокурорына арызбен жүгінді. Қалған азаматтарға прокурор тарапынан заңға түсінік берілді.

 

Қабылдауға келген азаматтардың көпшілігі борышкерлерден алименттің өндірілмеуіне және алименттің аз мөлшерде төленуіне қатысты шағымданғаныбелгілі болды.

 

Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев: «Жыл сайын өзіміз тәжірибеге енгізгендей, облыстық Әділет Департаментінің басшысымен бірге және «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілімен бірлесіп борышкерлердің өз балаларына алиментті төлемеуі мәселесі бойынша жеке қабылдау ұйымдастырып отырмыз. Қабылдауға келген азаматтардың кейбірі төленетін алименттің аздығына шағымданса, ол борышкердің айлық табысына байланысты жағдай.

 

Азаматтардан түскен шағымдарға сай біз атқару өндірісінің барлығын тексеріп, егер шара қолдануға негіз болса, азаматтарға заң талаптарын түсіндіріп жатырмыз. Борышкерлердің жұмыссыздығына байланысты да біз «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Басқармасымен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз, оларды жұмысқа орналастыру мәселесімен жұмыссыздық бойынша есепке қою арқылы содан төленетін жұмыссыздық жәрдемақысы есебінен аз да болса, борышкерлердің бала-шағасын қамтуға қажетті қаражаттың түсуіне көмек беріп жатырмыз.

 

 

Тағы бір туындайтын мсәселе-ол мемлекеттік органдар мен басқа да коммуналдық кәсіпорындардың кскьінде тұрған борышкерлерінің сомаларын кейбір кезде есепшілер дұрыс есептемей, төленбей, олардың борышкерлердің алименттік төлемін толық аударына тексеру жүргізгенбіз. Ол бойынша біраз есепшілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, жақын арада сәулет бөліміне тексеру жүргізген кезде осылай есепшінің тарапынан борышкердің төлемін дұрыс төлемеуі себебінен есепші Әкімшілік Кодексінің 324 бабы бойынша есепші жауапқа тартылған болатын. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар Департаментін тексерген кезде де осындай әрекеттер орын алды. Ол бойынша да есепші тәртіптік жауапқа тартылды,-деп мәлімдеді.

 

- Жалпы жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижесімен қазіргі таңда 6 борышкерді жұмысқа орналастырғанбыз. 2014 жылы-18 борышкерді жұмысқа орналастырып, 2013 жылы-220 азаматты жұмыссыздық есебіне тұрғызып, 2014 жылы-524 азаматты жұмыссыздық есебіне тұрғызғанбыз. Сонымен қатар 18 борышкердің толық төленбей жатқан алименттік төлемдерін прокурорлық ықпал ету шаралары арқылы қамту жасап және бұрыннан төленбей жатқан 1 млн-дай борышты төлеткізіп, өз тарапымыздан аналардың балаларын тәрбиелеуіне ықтияр еткен болатынбыз.

 

Қазіргі таңда қала бойынша 2,5 мыңдай борыш өндірісі бар. Оның кем дегенде 60%-ы кезеңдік орындауда тұр. Жоғарыда айтылғандай, жұмысқа орналастыру мәселесі мен жұмыссыздық бойынша есепке қою арқылы шешуге тырысудамыз. Қажетті заңдардың барлығы қабылданған. Біз өз тарапымыздан қандай да болсын, прокурорлық ықпал ету шаралары арқылы, ал сот орындаушылар өздерінің заңмен белгіленген тиімділік жасайтын негіздері бар, соған байланысты осындай бірлесіп атқаратын шараларды одан әрі қарай жалғастырамыз,-деді Талғат Айтбайұлы.

 

Қалалық прокуратура қызметкерлерінің мәлімдеуінше, «Қазіргі таңда, Ақтау қалалық алимент өндіру бөлімінде 4068 борышкерге қатысты алимент өндіру туралы сот шешімдері бар. Оның 2023-і мерзімдік орындалуда, яғни борышкерлермен айсайын төленуде. Қалған 2045 борышкер алименттерін уақытылы төлемей, жалтаруда.

 

Осыған байланысты, қала прокуратурасы алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген борышкерлерге Жаңа қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексінің 139 бабына сәйкес, яғни, «ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы – екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын»-ескертеді».

 

 

«Алайда, алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты қылмыстық іс бұрынғы Қылмыстық Кодексте жеке айыптау ісі, яғни тек қана өндіріп алушының арызы негізінде, сотпен қозғалатын болса, қазіргі таңда аталған істер жариялық болғандықтан қылмыстық қудалау органдарымен де сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.

 

Осыған байланысты алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге өз балаларына алимент төлету үшін қала прокуратурасымен және сот орындаушылармен заңда көзделген барлық қатаң шаралар қолданылатын болады»,-дейді Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері.

 

Маңғыстау облыстық Әділет Департаменті басшысының орынбасары Кесікбаева Дариға Саламатқызы: «Бүгінгі таңда сот орындаушылар өндірісінде 7000-ға жуық алимент өндіру бойынша атқару құжаты бар. Олардың ішінен 3 мыңнан аса құжат жұмыс орны бойынша орындалып жатса, 700-ге жуық құжат бойынша алимент мүлдем өндірілмей жатыр. Бұл борышкерлердің жұмысы, табысы, мүлкі жоқ.

 

Қалалық прокуратурамен бірлесіп, алиментті өндіру шараларын атқарып жатырмыз. Былтырғы жылы осы бойынша 2 млн. алимент төлемін өндірген болатынбыз.

 

300 борышкерге әкімшілік жаза қолданылды. Қазіргі таңда сот орындаушылармен 5 борышкерді қылмыстық жауапқа тарту бойынша ұсыныс дайындалуда.

 

Жаңадан қабылданған заңға сай, борышкер 3 айдан аса өз борышын өтемесе, ол 3-жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

2015 жылдан бастап, жеке жариялық айыптау болғандықтан, өндірушіден өзге біз де алиментті төлемеген борышкерді қылмыстық жазаға тарту туралы құқық қорғау органдарына ұсыныс жасай аламыз. Осындай жұмыла атқарған шаралар нәтижесінде жұмысымз өзінің оң нәтижесін береді деп сенемін»,-деген пікірімен бөлісті.

 

Қабылдау аяқталар тұста қала прокуроры Талғат Әлібаев мұндай бірлесіп атқарылар жұмыстардың келешекте өз жалғасын табатынын айтып, алимент төлеу бойынша борышкерлермен күрестің ымырасыз жүргізілетініне тоқталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему