Маңғыстау тұрғынынан ақша бопсаланды
29 Декабря 2022 (17:49) | 1637 |
Автор: Редакция
Маңғыстау облысының тұрғыны ер адамға қатысты полицияға арыз беріп, қырғыннан қорқытып, одан 1 млн 600 мың теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалаған, деп хабарлайды Tumba.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 30 жаста.
- Тінту жүргізу барысында оның құқыққа қайшы әрекеттерін растайтын 200.000 теңге сомасында ақшалай қаражат алынды. Бұл факт ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - деп түсіндірді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему