Маңғыстаулық самбошылар республика чемпионатында 4 күміс, 1 қола медальді иеленді
21 Сентября 2018 (10:59) | 2010 | Автор: Нурганым Имашева
Қыркүйектің 14-17аралығында Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 2002-2004 жылы туылған кіші жасөспірім ұл-қыздар арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталмыш жарысқа еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Байқоңыр қалаларымен қоса 14 облыстан барлығы 18 команда,10 салмақ бойынша ұлдар, 10салмақ бойынша қыздар, жалпы саны – 640-қа жуық спортшы қатысып өз бақтарын сынады.
Маңғыстау облысынан аталмыш жарысқа 16 спортшы қатысып, оның 5-уі жүлгер атанды.
Атап айтсақ, 1)44 кг салмақта - Айгерім Ретбаева (Маңғыстау ауданы);
2) 55 кг салмақта - Айбек Сайлаубаев («Жас батыр» с/м);
3)78 кг-да Олжас Қартбаев (Маңғыстау ауданы);
4) 84 кг-да Салауат Тоқсановтар («Жас батыр» с/м) күміс медалдарын иеленсе,
5)46 кг салмақта Нұрсұлтан Жұбатқан («Жас батыр» с/м) кола медальді жеңіп алды.
-Маңғыстаулық самбошылар аталмыш доданы төрт күміс, бір қола медальмен қортындылады.
Жарысқа спортшыларымызды жоғары деңгейде дайындаған облыстық самбо күресінің аға бапкерлері: Берік Жұмағалиев, Жанғали Нұрдаулетов, Ерлан СеріковтергеМаңғыстау облысының спорт басқармасы және облыстық самбо федерациясының атынан алғысымыз шексіз,- дейді «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.
Суреттерді ұсынған «Жас батыр» спорт мектебінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему