Жол құрылысына дұрыс бақылау жүргізбегені үшін айыппұл салынды
19 Декабря 2022 (16:35) | 2355 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысында жергілікті маңыздағы автомобиль жолы құрылысына тиісті деңгейде бақылау жүргізбегені үшін техникалық қадағалау мекемесінің сарапшысына 180 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұл туралы ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
«Шетпе-Қызан» бағытындағы трассаның 49-85 шақырымы («Тасмұрын-Мәстек» аралығы) қайта құрылымдау нысанына жатады. Бұл жерде жолдардың сапасын тексеруші мамандар ақаулықтар тауып, бақылаудың өз деңгейінде жүргізілмегенін өңірлік мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына мәлімдеген.
Нәтижесінде кінәлі тұлғаға ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 317-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырылды. Сондай-ақ оның техникалық қадағалау жүргізу аттестатының қолданыс мерзімі 6 айға тоқтатылды.
Айта кетсек, ұлттық жол сапа орталығы қызметкерлерінің араласуымен «Құрық-Жетібай» автомобиль жолының 40-64 шақырымында 9200 текше метр көлемінде қиыршық тасты-құм қоспадан тұратын негіз қабаты қайта салынды.
Бұдан бөлек, «Шетпе-Қызан» жолының 49-85 шақырымы бойынша 7504 текше көлемдегі асфальтбетон қабаты қайта төселді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему