Маңғыстауда антикор 1,6 млрд теңге мемлекеттік қаражатты үнемдеді
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 21:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда антикор 1,6 млрд теңге мемлекеттік қаражатты үнемдеді

3 Ноября 2022 (18:21) | 1014 | Автор: Редакция

«Сатып алулардың біріңғай терезесі» порталына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 1,6 млрд. теңге бюджет қаражаты үнемделді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқарма басшысы Қайрат Байгебаев мәлімдеді.

«Мемлекеттік органдар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алатын тауар немесе қызметтерінің бағаларына мониторинг мемлекеттік сатып алудың жоспарлау сатысында және нарықтық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бақылау жұмыстары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі мен Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ұйымдастырылады. Жыл басынан бері тиімсіз сатып алулардың алдын алып, 1,6 млрд. бюджет қаражатын үнемдедік,» деді Қайрат Байгебаев.

Сондай-ақ, спикер өз сөзінде өңірде комплаенс қызметі жолға қойылғанын атап өтті.

«Маңғыстау облысының квазимемлекеттік сектор субъектілерінде адалдық стандарттарының сақталуына бақылау жасайтын комплаенс институты енгізілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі миссиясы – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету,» деді Қайрат Байгебаев.

Сонымен қатар, Жаңаөзен аймағы бойынша құқықбұзушылықтарға шұғыл әрекет ету үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бөлімі құрылғанын хабарлай отырып, сыбайлас жемқорлық белгілері бар қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық деректері бойынша жазбаша өтініш беруге немесе Агенттіктің 1424 номеріне хабарласуға болатындығын атап өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему