Бостан ауылында сурет көрмесі өтті
1 Ноября 2022 (18:22) | 1611 | Автор: Редакция
Қарақия ауданына қарасты Бостан ауылында «Бейнелеу өнері» студиясының «Өнерлі өрге жүзер» атты сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бейнелеу өнері» студиясы мәдениет үйінің жанынан құрылған. Мақсаты - жас әуесқой суретшілердің қызығушылығын арттыру, теориялық және практикалық іскерліктерін шыңдау.
«Бейнелеу өнері» студиясының жетекшісі Серікқали Сырымовтың айтуынша, «Бейнелеу өнері» студиясында 28 қатысушы бар. Көрмеге сол студия мүшелерінің және қатысушылардың еңбектері ауыл тұрғындарына ұсынылды.
-Көрме жақсы, жоғары деңгейде өтті. Ауыл жастарын бейнелеу өнеріне баулып жүрген ұстазымызға алғысымызды білдіреміз, - дейді қатысушылар.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему