Маңғыстау аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу талаптарын сақтауы туралы
28 Декабря 2018 (12:46) | 2913 | Автор: Нурганым Имашева
-2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың Полиция департаментінің қызметкерлері террористік тұрғыдан осал 505 нысанды тексерді,олардың 296 басшысына терроризмге қарсы қорғалу саласында анықталған кемшіліктерді жою туралы ұйғарым енгізілді,-деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Тексеру нәтижесі бойынша ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша сотпен ТҚҚ-ның 70 басшысын 100-ден 300 АЕК-ге дейін түрлі айыппұлдар төлеуге тартты.
Айыппұлдардың жалпы сомасы 23млн 230 мың 105 теңгені құрады.
"Терроризмге қарсы іс - қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-1 Заңына және "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті».
-Облыстың Полиция департаментінің террористік тұрғыдан осал(ТҚО) объектілерінің, меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының назарына объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша міндеттерін орындамау немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін жеке немесе лауазымды тұлғаларды 100 АЕК мөлшерінде, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін тиісінше 200, 300 және 500 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін қаперге береді,- делінген облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Суреттер unisap.kz. otyrar.kz cайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему