Әскерилер арасында ″Ішімдікке жол жоқ″акциясы өтті
1 Ноября 2022 (18:14) | 1955 | Автор: Нурбол Шалабаев
Ақтау гарнизоны әскери полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ішімдікке жол жоқ» айлық акциясы өткізілді.
Аталған іс-шарада əскери қызметшілер арасында спирттік заттарды шамадан тыс пайдалану жəне оларды тұтынудың денсаулыққа кері əсер беретіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының бөлім меңгерушісі Қорлан Елеуова 29011 әскери бөлімінің жеке құрамына нашақорлықтың зияны жөнінде дəріс оқып, бейнеролик көрсетті.
Жалпы акция аясында барлық əскери бөлімдердің қызметшілеріне 10 дәріс, 3 семинар жүргізілді.
- Алдағы уақытта салауатты өмір салтын ұстауға бағатталған мұндай шараларды ұйымдастырып тұруға тырысатын боламыз - деп, өз сөзінде Ақтау өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының аға офицері капитан Саламат Сеилқан атап өтті.
Шара соңында бөлім командирі ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему