Жаңаөзенде облыстық күйшілер байқауы өтті
21 Октября 2022 (12:36) | 1525 | Автор: Редакция
Жаңаөзен қаласында «Құрмет» орденінің иегері, меценат, қоғам қайраткері, «Алтын жүрек» номинациясының иегері Жаңбырбай Дәрменовтың 60 жас мерейтойына орай облыстық күйшілер байқауы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кендірлі» мәдениет үйінде өткен байқауға республикалық «Шоғы батыр» қоғамдық қоры демеушілік жасады.
Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов қатысып, қала әкімі Айбек Қосуақовтың атынан мерейтой иесіне шапан жауып, арнайы құттықтау хатын табыс етті.
Бұл іс-шараның мақсаты - қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі - күй өнерін және қазақтың ұлттық аспаптарын бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, дәстүрлі күй орындау өнерін дамыту және талантты жас күйшілерді танытып, олардың шығармашылығына қолдау көрсету.
Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта да күй орындап, көрермендер мен қазылар алқасының құлақ құрышын қандырды.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Еркебұлан Соңғыбаев, І-орынды Аманжол Қуаныш пен Оңдасын Қалқанов, ІІ-орынды Қанат Іңірбаев, Қожамжар Нұрдәулет, Рамазан Тұрмағамбетов алса, ІІІ-орын Қажымұхан Бүркіт, Бисен Нұрдәулет пен Бүркіт Қадірәліге бұйырды. Ал арнайы жүлдені Маржан Битимбаева алды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему