Медиация – татуласу тетігі
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 09:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Медиация – татуласу тетігі

26 Мая 2020 (09:06) | 2143 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотының  судьясы     Г.Метеркулованың осы тақырыптағы мақаласы медиацияның артықшылықтарын түсіндіруге арналған.

 

 

Екі айдан  астам ел көлемінде  ерекше  жағдай қалыптасты. Жұрт үйде отыр, сонда да  дау-дамай азаяр емес, кішігірім отбасылық даудан бастап, заңды  тұлғалардың,  кәсіпкерлердің дауы таусылар емес.

 

Әрине, сот дауды шешуден ешқашан қашпайды. Өйткені сот   мемлекеттік өкілеттік пен заң аясында әділ шешім шығаруға міндеттіміз. 

 

Солай болса тұра, біз жүктемеміздің аз, ағайынның тату, ел шеті жаусыз, ел іші даусыз болғанын  шын жүрегімізден қалаймыз.

 

Сондықтан да  шекіскен ағайынын бекістіріп жүретін беделді, абыройлы ағаларымызды, дауды сотқа дейін жеткізбей шешетін ақсақалдарымызды,  ақ жаулықты  әжелерімізді аңсаймыз. 

 

«Сотқа беру үшін баж алымын төлеп шығын шығармай,  алтын уақытын кетірмей келісуге көндіретін көркем мінезді «билер» қайда, арадағы «тентегін»  негі тимайды?» деген ойға  кетесің.

 

Қазақ бұрында «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қамшыны көлденең тастайтын дала сотымен-ақ жұртты жұмылдырып, дауын  шешім  отырған.

 

Кішігірім  рудан тартып, ұлыс деңгейіне дейінгі керіс пен дауды келелі  кеңеспен әділ шешіп отыратын ақсақалдар болған.

 

Әрқандай жер дауы, жесір дауы, тіпті  кісі өліміне дейін әділ билік айтып, бүкіл елдің бірлігін, бейбіт тірлігін сақтап отырған.

 

Қазақта «не ғылайын?» деген сөз бар. Күллі  кешірімнің кіндік сөзі ғой бұл. Өкінішке орай, қазіргі ағайында  «Не ғылайын?» жоқтың қасы.

 

Сондықтан, бұрыннан «Билік  институты –татулық институты бар» халқымыздың сол «келісім», «бітісу» феноменін  кең  көлемде қайта табуға, дамытуға кең көлемде шаралар да қолданып жатыр.

 

Соның бірі - Медиация.

 

Бұл термин латынның «mediare» делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы  түрі.

 

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу.

 

Ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.

 

Дауласушылар медиацияға жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің қаралу, шешілу сапасын арттыруға болады. Халықаралық статистикада барлық даулардың 30-40 пайызы медиация рәсімінен өтеді екен және олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізіліп жататын көрінеді.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты тарапынан жолға салынған «Жеті түйін» басымдық бағыттамаларының бірі - сотқа дейінгі және соттағы татуласу болып табылады, яғни Медиациялық татуласу жолына сот есігі айқара ашылып отыр.

 

Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2020 жылы татуластық негізінде қаралған істердің саны 64 екен.  Бұл  әрине  -  өте  аз.  

 

Сондықтан бітімгершіліктің, медиацияның сотқа дейінгі, сотта қолданылу аясының кеңеюі  аса құптарлық іс болар еді.

 

Медиация жүргізу қағидаттары: еріктілік, құпиялылық,  өзара сыйласушылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптылығы мен әділдігі, рәсімнің ашықтығы.   

 

Медиацияның сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кәнілілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды.

 

Өйткені, бұл құқық саласы, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.

 

Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы - қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде.

 

Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылуы мүмкін.  Бірнеше мәрте сот отырыстары белгіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі.  Бұл ретте медиацияның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады – тараптардың еріктілігі  және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Дауды шешуге медиаторға небәрі 30 күн уақыт беріледі. Белгілі бір себептермен бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін, бірақ 60 күннен аспауы тиіс.

 

Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысында өзара ынтымақтаса қимылдайды. Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады.   

 

Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды.

 

Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.  Сәйкесінше, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат етілмейді.

 

Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді.  Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз,  сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.  

 

Сонымен қатар тараптар өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу орны мен медиацияны жүргізу барысында қай тілдің қолданылатыны жайында келісе алады. Тараптардың келісімімен медиатор медиацияның жүргізілу күні мен уақытын белгілейді.

 

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты дауларда қолданыла алады.

 

Азаматтарымыз қандайда бір дау туған жағдайда сотқа жүгінер алдында медиация арқылы дауды реттеуден өтуді назарларынан шығармауды ұсынар едік.

 

Суреттер kostanaytv.kzkaraganda-region.gov.kz сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему