«Мисс Ақтау - 2022» байқауының жеңімпазы анықталды
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 20:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Мисс Ақтау - 2022» байқауының жеңімпазы анықталды

10 Октября 2022 (12:39) | 1199 | Автор: Редакция

8 қазан күні Ақтауда дәстүрге айналған «Мисс Ақтау - 2022» байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

 

Байқауға ақылы мен көркі жарасқан 14 сұлу қатысты. Олар 5 кезең бойынша сайысқа түсті. Алғашқы кезеңде арулар өзін таныстырса, екінші кезеңде таланттарын сынға салды. Үшінші бөлімде дефиле, кейін сұрақ-жауап болып, арулар соңғы кезеңде кешкі көйлекпен сахнаға шықты.

 

Әділ қазылар алқасының шешімімен 21 жастағы ақтаулық ару Жанна Кубышева «Мисс Ақтау-2022» атанды.

Ал сайыстың жүлделі бірінші орынды Ару Исатаева, екінші орынды Әсел Бердаулет алса, үшінші орын Назерке Басшықызына бұйырды.

 

-Сайысқа дейін қатысушылар іріктелді. Байқауға қатысқан,финалға шыққан барлық қатысушыларымыз «Мисс Ақтау» титулына лайықты деп ойлаймын. Қыздардың бәрі әдемі, таңдау қиынға соқты. Өкінішке орай, жүзден жүйрік бір ғана жеңімпаз болады, дейді «Мисс Қазақстан» ұлттық байқауының аймақтық директоры Айжан Сисеналиева.

 

Байқаудың мақсаты - мәдени мұраны, қазақ тілін, ұлттық қасиетті, ұлттық киімді сақтау әрі насихаттау.

 

Айта кетейік, 18 қараша күні Алматыдағы Республика сарайында «Miss Qazaqstan -2022» ұлттық сұлулық байқауы өтеді. Сол сайысқа Ақтаудың атынын жеңімпаз Жанна Кубышева қатысады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему