Ақтауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық форум өтті
23 Сентября 2022 (17:56) | 2418 | Автор: Редакция
22 қыркүйек күні Ақтауда «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа қөзқарас» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық форум өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум қазақ тілі білімінің іргетасын қалап, алғашқы әліпбиін дүниеге әкелген ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін жұмылдыру жолымен пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін шешу және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындау мақсатында өткен форумға республикалық білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ардагер ұстаздар, техникалық және кәсіптік, аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының педагогтері және тіл жанашырлары қатысты.
Екі кезеңнен тұратын форумның пленарлық отырысында маңызды мәселелер көтеріліп, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәніндегі өзекті сұрақтар талқыланды. Өңірдегі үздік педагогтер пәндердің оқыту сапасын арттырудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында өңіріміздің бірқатар тіл жанашырлары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты комитетінің «Құрмет» грамотасы, «Алғыс хаты» мен білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Форумның екінші кезеңі секция отырыстарымен жалғасты.
1, 2-секцияларда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы ерекшеліктерге тоқталса, 3-секцияда Светқали Нұржан шығармашылығына арналған поэзиялық кеш, Ахмет Байтұрсынұлы және мемлекеттік тіл туралы баяндамалар тыңдалды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему