АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 09:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН

19 Августа 2021 (13:55) | 1800 | Автор: Редакция

Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастау үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

«Мектептердегі санитариялық-эпидемилогиялық талаптарды сақтау мақсатында дезинфекциялық тоннелдер, кварцтар, санитайзерлер мен маскалар сатып алынды. Сабақ кестесі санитарлық нормаларды сақтай отырып құрылады. Сондай-ақ, бір сыныптың оқушылары бір кабинетте оқитын болады. Оқушылардың қоңырау кезінде топтаспауы үшін сабақ арасындағы үзілістер мен асханаға бару уақыты әртүрлі уақытқа қойылады. Барлық білім беру ұйымында «Ashyq» жобасы енгізілді», - деді Бағдат Тұрғанбаева.

 

Спикердің айтуынша, Ақтау қаласындағы мектептерге орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне қажеттілік бар. Осы мәселені шешу мақсатында әр облыстан кадрлар тартылуда.

 

«Ақтау қаласына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 39  мұғалімі қажет. Қазір басқа өңірден орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мамандарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Орал қаласынан 2 мұғалім, Нұрсұлтан қаласынан 1, Алматы облысынан 2, Атыраудан 1, Тараздан 1, Қарағандыдан 2, Қостанайдан 1, Түркістан қаласынан 1, барлығы 11 маман шақыртылды. Жалпы биылғы оқу жылында 150-ге жуық жас маман мектепке орналасады. Қажетті педагогтарға бос орындар enbek.kz порталына жарияланып, мамандар қабылдануда»,-деді Бағдат Тұрғанбаева.

 

Айта кетейік, бүгінде балаларға білім беретін педагогтардың 2423-і ерікті түрде екпе алды. Бұл Ақтау қаласы мұғалімдерінің 99, 6% құрайды. Оқу жылы басталғанша еңбек демалысынан шыққан мектеп қызметкерлері толық вакцина салдырады.

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему