Батыр ауылында медициналық орталық ашылды
14 Мая 2022 (13:00) | 2170 | Автор: Редакция
Мұнайлы ауданының Батыр ауылында медициналық орталық ашылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.
Заманауи медициналық орталық «Астана» шағын ауданында орналасқан. Денсаулық сақтау нысанының ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Ержан Күмісқалиев тұрғындарға құттықтауын жеткізді. Халықаралық медбикелер күніне орай өткен игі шарада аудан басшысы медбикелерге арнайы сый табыстады.
Мұнайлы ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Medina» медицина орталығы - Батыр ауылында жеке инвестиция есебінен салынып, есігін айқара ашып отырған алғашқы нысан. Бұл - Батыр ауылының 10 жылдық мерейтойы қарсаңында жүзеге асып отырған тұңғыш инвест жоба. Жоба құны 150 млн теңгені құрайды. Бір ауысымда 50 келушіге қызмет көрсетеді.Мұнда тұрғындар алғашқы медициналық-санитарлық, мамандандырылған медициналық және күндізгі стационарлық көмек ала алады. Күндізгі стационар 6 орынмен жабдықталған.
-Қазір 30 қызметкеріміз бар. Басым бөлігі осы Батыр ауылының тұрғындары. Оның алтауы дәрігер, 17-сі орта медицина қызметкері. Алда медицина орталығын кеңейтуді, жұмыс ауқымын көбейтуді жоспарлап отырмыз,- деді инвестор Нұрлан Жеткізгенұлы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему