Ақтау тұрғындары «Қазақстан халқының бірлігі күнін» мерекелік шерумен атап өтті
2 Мая 2018 (11:21) | 3596 | Автор: Нурганым Имашева
«Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесін Ақтау қаласының тұрғындары ерекше тойлады.
Облыс орталығындағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, оқу орындарының ұжымдары, ҚХА «Қоғамдық келісім» ҚБ құрамындағы этно-мәдени орталықтарының өкілдері бір сапта Ақтау қаласының орталық көшесімен жүріп өтті.
Жүздерінен мерекелік көңіл-күй сезілген қала тұрғындары мен қонақтарының легі қалалық «Ақбота» саябағындағы мерекелік ойын-сауық өтіп жатқан арнайы орындарды тамашалап, серуендеуге ауысты.
«Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Видеороликті ұсынған «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы»
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему