Атамекен ауылында жеке мектеп ашылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Атамекен ауылында жеке мектеп ашылды

2 Сентября 2022 (12:22) | 2291 | Автор: Редакция

Жаңа оқу жылында Мұнайлы ауданынан үш жекеменшік мектеп ашылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекеменшік 3 мектептің бірі - Атамекен ауылындағы Ы.Алтынсарин қазақ ұлттық мектеп-лицейі. Жер көлемі 850 шаршы метр. 800 оқушыға арналған  мектеп-лицейі қазіргі уақытта 500 оқушыны мектепке, 60 адамды жұмысқа қабылдады.

― Мектеп-лицейдің бір ерекшелігі - оқушы үй тапсырмасын мектеп қабырғасында мұғалімнің қадағалауымен орындайды. Әр баланың денсаулығы біз үшін аса маңызды. Сол үшін бізде әртүрлі спорттық үйірмелер бар. Мектеп мұғалімдеріне келетін болсақ, барлығы да жоғары білімді, тәжірибелі мамандар. Ұстаздарымыз балалардың сапалы білім алуына жағдай жасайды. «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» демекші,  мектепте ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін Америка елінен білікті мамандар келеді. Одан бөлек, білім ордамыз заманауи, ең соңғы құрылғылармен жабдықталған, - дейді мектеп директоры Ғазизбек Титанов.

Мектепте 10-11 сыныптардың оқуына ерекше мән берілген. Оқушыларға таңдау пәндері бойынша уақыт бөлініп, ҰБТ-ға жүйелі дайындық жасап, қалаған оқу орнына түсуге жағдай жасалынбақ. Балаларды ынталандыру және білімін арттыру мақсатында оқу жылының соңында мектептің үздік оқушыларына бағалы сыйлықтар берілмек.

Сондай-ақ үздік сыныптар апта сайын кинотеатрға, теңіз жағасына немесе облыс маңындағы тарихи құндылықтары терең әсем жерлерге, экскурцияларға апару жоспарланған.

Білім күніне орай ауданда жаңа мектептердің  лентасы қиылды. Аталған «I.Altynsarin School-Lyceum» қазақ ұлттық мектеп- лицейінен бөлек Маңғыстау ауылы, 22 кварталдан  «Zerek» бастауыш мектебі, Қызылтөбе ауылдық округінен «ALT» мектеп-лицейі ашылды.

Айта кетейік, ауданда жекеменшік мектептерден бөлек мемлекеттік білім ордалары оқушылар үшін есігін айқара ашпақ. Мәселен, алдағы уақытта Басқұдық ауылында 600 орындық мектеп ашылмақ. Сонымен қатар осы ауылда 1200 орындық мектеп салынып жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему