Жемқорлықты жою ‒ міндет
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 18:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жемқорлықты жою ‒ міндет

4 Апреля 2019 (09:09) | 3717 | Автор: Нурганым Имашева

«Әділдік жоқ жерде пара белең алады» деген сөз бекер айтылмаған. Сыбайлас жемқорлық еліміздегі өзекті мәселе болып табылатыны белгілі. Бұл заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Жемқорлық бар жерде алынған білімнің де, жасалған жұмыстың да пайдасына қарағанда зияны көп болмақ. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің тік көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, бармақ басты әдеті әлі болса да жалғасып келеді.

 

 

Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

Мемлекетіміздің әрбір азаматы жемқорлықты жою үшін күш жұмсаса, болашағымыздың жарқын болары анық. Ал еліміздің болашағы жастардың, яғни біздің қолымызда екенін ескере отырып, жемқорлықты жою үшін күресті өзімізден бастайық.

 

Ақтау қаласының

Төтенше жағдайлар

басқармасының тағылымгері

Көкшетау техникалық институтының

4-курс курсанты

Есен Орысбайұлы Борашев

 

Суреттер shetysu.almaty.kz , tolgyn.kz, kaz.altaynews.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему