Істі медиациямен аяқтаудағы өзекті мәселелер
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 10:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Істі медиациямен аяқтаудағы өзекті мәселелер

22 Июня 2018 (18:47) | 1779 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан әлемдік қауымдастық әріптестігіне теңескен бүгінгі заманда сот төрелігінің қолжетімділігі мен әділдігін жедел дамыту мәселесі ерекше маңызға ие. Бұл мәселе тек құқықтық ұсынымдар мазмұнының талаптарына ғана емес, ол жалпы қоғамның құқықтық деңгейіне және әрбір азаматқа қойылатын талап болып табылады.

 

 

Елбасы Н.Назарбаев сот саласының қазіргі заман талабына сай дамуына ерекше назар аударып, нәтижесінде сот жүйесінде түрлі дауларды бейбіт тәртіппен шешу тәжірибесі қалыптасып, азаматтар даулы мәселелерді бітімгершілікпен шешудің тиімділігіне көз жеткізе бастады. Әрине, бұл соттардың аталған рәсімді халыққа насихаттау, түсіндіру жұмыстарының жемісі деуге болады. Себебі, әуел баста Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бұл бастаманы халыққа жеткізуді сот жүйесіне жүктеген еді. Бүгінгі таңда дауларды шешудің баламалы жолы ретінде таңдалып алынған медиация рәсімінің мәні артып келеді.

 

 

Жалпы, істі медиациямен аяқтау қазақ халқы үшін бүгін ашылған жаңалық емес. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» - деген нақыл сөздің астарында Майқы бидің түйінді дана сөздің де, би біткеннің алғашқысы болғанын да аңғарамыз. Олай болса, ХІІ-ХІІІ ғасырдан бері есептесек, қазақ халқы атадан балаға берілген үлгіге сай дау-дамай, түсініспеушілікті дала заңына бағынып шешіп отырған. Билеріміз туындаған дау-жанжалды «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау» арқылы шешкеніне тарих куә. Ал, енді бүгінгі заман талабына сәйкес, осы бабалар жолын жаңғырту қажеттілігі өзекті мәселеге айналып отыр.

 

 

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» заңының 16 бабына сәйкес, аудан /облыстық маңызы бар қала/, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент ауыл, ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Заң тек кәсіби медиаторларға ғана емес, кәсіби емес медиаторлардың медиация шарты мен дау-жанжалдарды реттеу туралы келісім жасауына жол береді.

 

Бұл - кәсіби медиаторлардың қызмет ақысын бір жүйеге келтіріп, арада бәсекелестік пайда болып, сапаның да артары сөзсіз. Сөз соңында айтарым, кәсіби медиаторлардың еңбегін бір ережемен реттеу қажеттілігіне көңіл бөлуіміз керек. Онсыз бұл мәселе күн тәртібінен түспек емес.

 

Н.Ерджанов

Ақтау қалалық №2 сотының кеңсе меңгерушісі

 

Суреттер  "Айқын", «Егемен Қазақстан» газеттері,  Tumba.kz, сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему