Қандай жағдайда дара кәсіпкерлікті немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп таратуға болады
31 Августа 2022 (13:22) | 1726 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдары жыл сайын салық төлеушілерді олардың жеке қатысуынсыз мәжбүрлеп тарату тәртібімен тіркеу есебінен шығару іс-шарасын өткізетінін хабарлайды. 2021 жылы еліміз бойынша барлығы 12 899 салық төлеуші, оның ішінде 7 900 заңды тұлғалар және 4 999 дара кәсіпкер таратылды.
Резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, бір мезгілде:
1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ кемінде 3 жыл:
- салық есептілігін ұсынбаған;
- экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырмаған;
- төлем немесе ақша аударымы сомасы күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында республикалық бюджет және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы, сондай-ақ зейнетақы немесе әлеуметтік төлемдер алатын белгіленген 141 еселенген айлық есептік көрсеткіштен немесе 431 883 теңгеден аспайтын жағдайларды қоспағанда, банк шоттарына төлемдерді немесе ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
- қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген;
2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:
- қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген;
- салық есептілігін табыс етуді тоқтатпаған;
- жеке тұлғалардан алынатын салықтар көрсетілген салық салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында мүлікке, көлік құралдарына, жер салығына, бірыңғай жер салығына салық салу объектілері болмаған;
- әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша республикалық заңда бюджет және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында күшіне еніп белгіленген 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам немесе 18 378 теңге көлемінде берешегі болмаған жағдайда, олардың қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға болады.
Салық органдары жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірмей жоғарыда аталған талаптарға сай келетін салық төлеушілерге қатысты талап-арыздарды сотқа жібереді. Салық төлеушінің мәжбүрлі түрде таратылуы туралы соңғы шешімді сот шығарады.
Салық төлеуші өзін аймақтың салық органының kgd.gov.kz сайтындағы басты парақшадағы «Мәжбүрлеп таратылуға жататын салық төлеушілердің тізімдері» бөліміндегі тізімдерден таба алады.
Бұл іс-шара жыл сайын өткізілетінін және деректер қорын жаңартуға бағытталғанын, сонымен қатар салық төлеушілер үшін ешқандай салдар тудырмайтынын атап өтеміз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему