Маңғыстауға келетін барлық жолаушылар пойызы тоқтайды
1 Апреля 2020 (11:51) | 1573 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Маңғыстау» теміржол вокзалының басшысы Алма Айымқұлова хабарлады.
20-наурыздан бастап Нұрсұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілгеніне байланысты, «Маңғыстау – Нұрсұлтан» бағытындағы пойыздың соңғы бекеті болып Атбасар белгіленсе, «Маңғыстау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы тек Шу бекетіне дейін жүрді. Аталған бағыттар 30 наурыз күні жолаушыларды тасымалдауды тоқтатты.
Сондай-ақ, жергілікті Маңғыстау – Бейнеу бағытындағы пойыз да 30 наурыз күні соңғы рет жөнелтілді. Айта кетейік, ертеңнен бастап Маңғыстаудан Атырау, Ақтөбе қалаларына қатынайтын барлық пойыздар тоқтайды.
Өз кезегінде, Алма Айымқұлова төтенше жағдай аясында вокзалдың жұмыс істеу тәртібін, сақтық шараларын айтып өтті. Келіп-кетуші жолаушылардың барлығын эпидемиолог мамандар арнайы құрал-жабдықтармен, тепловизорлармен тексеретінін мәлімдеді.
-Осы күнге дейін вокзалда коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Қызметкерлеріміз бен жолаушылардың қауіпсіздігі тиісті мамандардың жіті бақылауында, - деді Алма Айымқұлова.
Сурет редакция мұрағатынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему