Құланды ауылындағы ескі мектеп ғимараты мәдениет үйі болып құрылымдалады
31 Августа 2022 (13:17) | 2108 |
Автор: Редакция
Қарақия ауданына қарасты Құланды ауылдық округінде 1990 жылы негізі қаланған ескі мектеп мәдениет үйі болып қайта жасақталып жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Гүлмира Қылаубаеваның айтуынша, нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары, яғни ескі мектепті мәдениет үйі етіп реконструкциялау «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалмақ.
- Ғимараттың жалпы аумағы 1047,0 шаршы метр. 164 орындық мәдениет үйінің бірінші қабатында қабылдау бөлмесі, кітап сақтау қоймасы кітап беру бөлмесі, кітап оқу залы, мұражай мен ардагерлер бөлмесі болады. Екінші қабатында сурет үйірмесі кабинеті, оқу сыныбы, домбырашылар бөлмесі, актёрлік шеберлігін шыңдау үйірмесі, би залы болады. Ал цоколь қабатында, яғни астыңғы қабытында аула клубы, жаттығу залы, акт зал, шаруашылық қоймалары болады,—деді Гүлмира Қылаубаева.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему