Маңғыстау өрт сөндірушілері гір тасын көтеру және қолкүресі спорты бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында өткен турнирдің жеңімпазы атанды
27 Июня 2016 (17:35) | 3019 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Маусым айының әрбір демалыс күні мемлекеттік қызметшілер 9 түрлі спорттық ойындардан өзара жарысып келеді. Олар: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, суда жүзу, гір тасын көтеру спорты, қолкүресі және т.б.
19 маусым күні «Каспий» спорт кешенінде екі спорт түрі: гір тасын көтеру және қолкүресі бойынша турнир ұйымдастырылды. Гір тасын көтеру спорты бойынша жарыс нәтижесінде бірінші орынды «ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінің» командасы жеңіп алса, екінші орынды облыс прокуратурасының командасы, ал үшінші орынды Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» (Ақтау қаласы) командасы иеленді.
Қолкүресі бойынша жарыста бірінші орынды Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» (Ақтау қаласы) командасы жеңіп алды, ал екінші «күміс» жүлдеге «ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінің» командасы лайық деп танылды.
Үшінші, қола жүлде Маңғыстау облыстық әкімдігінің командасына бұйырды. Жарыстарға барлығы бес команда қатысты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему