Маңғыстауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы негізінде мониторинг жүргізіледі
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы негізінде мониторинг жүргізіледі

9 Августа 2022 (17:05) | 2203 | Автор: Редакция

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әрбір өңір үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі.

Бұл картада процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, шенеуніктердің асықпауына немесе озбырлығына, заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты шешімін таппайтын көкейкесті мәселелердің тізбесі көрсетілген.

Атап айтатын болсақ, Маңғыстау облысы бойынша медицина, жол және инфрақұрылым, жер, олигополия, экология салалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген. Әрі қарай, осы салалардағы мәселелерді заңсыз шешу мүмкіндіктерінің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.  

Агенттік Төрағасы Олжас Бектенов бұл тәуекелдер картасы нақты өңірдегі аумақтық органдардың жұмысы үшін бағдар болуы тиіс екенін айтып өтті.

Осы тұста, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті аталған салалар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер мен проблемалық мәселелерді анықтау және оны шешу жолдарын ұсыну үшін жоспар негізінде жұмысты бастады.

Атап айтатын болсақ, алдымен өңірдегі газ бағасы мен оны бөлу, тасымалдау кезіндегі делдалдар, «ҚазГПЗ» ЖШС 90% ескіруіне байланысты тоқтап қалу қауіпі, «ММГ», «ӨМГ», «ҚМГ», «Ақтау-Құрық» порты сияқты ірі мекемелерге жұмысқа орналасудағы жемқорлық, квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алудың ашықтығына қатысты мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему