Сыңғырлау ауылының көшелеріне жарық шамдары орнатылды
19 Июля 2021 (18:47) | 1409 |
Автор: Редакция
Бейнеу ауданына қарасты Сыңғырлау ауылының көшелеріне жарық шамдарын орнату жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Сыңғырлау ауылының әкімі Нұржан Кенбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл жұмыстар 29 маусым күні басталып, 3 шілдеде аяқталған. Оған жергілікті бюжеттен 1 396 000 млн. теңге бөлінді.
«Тәуелсіздік, Егемендік және 1-аймақ көшелеріне ұзындығы 1970 метр болатын 46 дана жарық шамы ауыл көшелеріне орнатылды. Бұл жұмыстарды «Бейнеу энерго» мекемесі жүргізді», - деді Нұржан Кенбаев.
Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему